Мекемеде әртүрлі конфессиялардың діни тиесілілігіне байланысты киімдер немесе діни атрибуттармен безендірілген басқа да киімдерді киюге тыйым салынады. Міндетті мектеп формасына сәйкес келмейтін немесе білім беру ұйымының Жарғысына және оның ішкі тәртіп ережелерін бұзатын бас киімдер, бұйымдар немесе киім элементтерінің кез келген түрін киюге тыйым салынады. Бас киім киюге тыйым салуды объективті себептер (ауру, жарақат) құрайды. Аталған оқушылардың мекемеге баруына медициналық мекеменің анықтамасы немесе емдеуші дәрігердің ұсынымы болған жағдайда жол беріледі.