10 сәуір мен 6 мамыр аралығында еліміз бойынша “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру.
Осыған орай мектебіміздің 5–11 сынып оқушылары арасында арнайы сауалнама жүргізілді.
Сауалнама барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығы, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті және қауіп төнген жағдайдағы іс-әрекеті туралы пікірлері мен көзқарастары зерттелді.