Кітап күніне орай өткізілген “Мен оқуға ұсынамын” атты іс шарамызда біздің мұғалімдеріміз ұсынған туындылар даналықтың мәңгілік шырағы іспетті.
Алтын Орда - тарихтың алтын арқауы бабалар мұрасынан сыр шертсе. Отбасы хрестоматиясы - ұлттық тәрбиенің кәусәр бұлағы,әр жанұяға рухани бағыт бағдар берер басылым .
Экософия - табиғатпен үндескен өмір сүру философиясы. Жер - Анамен үйлесімді болуға шақыру.
Әлдиден эпосқа дейін - бесік жырынан батырлық жырға дейінгі қазақтың ұлы мұрасы.
Махаббат қызық мол жылдар - жастықтың жалынды махаббаты мен өмір өткелдері туралы шынайы әңгіме.
Шұғаның белгісі - мәңгілік махаббаттың, адалдық пен өкініштің символы.
Азаматтық антым бұл елге жерге адалдықтың, парасат пен намыстың мәңгілік үні.
Кемел адам өзін - өзі жетілдірудің толыққанды тұлға болудың шынайы жолы.
Оқуға асығыңыздар - даналық жолы сіздерді күтіп тұр!