2025 жылдың 12 мамырында Достық үйінің әдіскерлері №4 орта мектептің 8 сынып оқушыларымен «Ұлы даланың - ұлы аналары» атты танымдық сағатын өткізді.
Оқушылар Ұлы аналарымыздың қайталанбас батырлықтарымен ел дамуына қосқан үлестерін, саясат пен мәдениеттен бастап, ғылым мен білімге дейінгі белестердің сан алуан салалары жайлы білімдерін тереңдетті. Олардың өнегесі бүгінде көптеген әйелдерді, қыз балаларды алға қойған мақсаттарына жетуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға шабыттандырады.
Ұлы аналарымыздың рухы, олардың аманаты - ел болу, бір болу, ұрпақты тәрбиелеу. Сондықтан да біз ұлы даланың ұлы аналары алдында әрдайым бас иіп, олардың жолын жалғауға міндеттіміз.