”ASSYLTAS” қоғамдық қорының ”Артық білім - кітапта” жобасы аясында мектебіміздің кітапханасы қазақ және әлем әдебиетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған 60 түрлі кітаптан тұратын жинақпен қамтылды. Ұлттық кітап күніне орай жаңа кітаптармен толықты. Кітап - білімнің кілті, рухани байлықтың қайнар көзі.
Жобаның мақсаты: ауыл оқушыларының оқу мәдениетін қалыптастырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Балалардың ой - өрісі мен тілдік қорын дамытуға маңызы ерекше бастамасы үшін “ASSYLTAS” қоғамдық қорына шексіз алғыс білдіреміз.