2025 жылғы наурыздың 4-ші күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті насихаттау жұмыстары жүргізілді «СЕМЕЙ» медициналық колледжімен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылардың кәсіптік негізде өз мамандықтарын таңдау барысында колледж қызметкерлері мамандығына қатысты сұрақтар қойылып оқу мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынылды. Колледж қызметінің өкілдері оқушыларға жұмысқа орналасу тәртібі, жеңілдіктер, жалақы және қажетті мамандықтары жөнінде ақпарат берді.