25 қазан, бұл күн – біздің тәуелсіздігіміздің символы, еліміздің егемендігін паш ететін мереке.
Республика күні әрбір қазақстандық үшін еркіндік пен бірліктің, татулық пен өркендеудің айнасы болып табылады. Біз, жастар, осы мұраны қадірлеп, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Әрбіріміздің жүрегімізде Отанымызға деген махаббат пен патриоттық сезім орнығуы тиіс.
Осы мерейлі күнде баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін бірге алға ұмтылайық!
Құрметпен Парламент президенті
Жарқынұлы Азамат.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы #апқо_абай_облысы_курчатов