Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары, Абай облысы білім басқармасының «Курчатов қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі хабарлайды, 2025 жылдың 18 сәуірінде Курчатов қаласында балаларға ( 0-ден 18 жасқа дейін) және олардың ата-аналарына Семей қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мамандары қажетті ұсыныстар береді.
Өткізу орны: № 2 ЖББОМ
Комиссияның негізгі міндеті - баланы оқытудағы проблемалардың себептерін анықтау және оған сәтті игере алатын білім беру бағдарламасын ұсыну, сондай-ақ ол бар қиындықтарды (оқуда, мінез-құлықта, қарым-қатынаста, денсаулықта, дамуда) жеңу немесе жеңілдету бойынша ұсыныстар беру.
Өзімен бірге ЖСН-мен баланың туу туралы куәлігі, амбулаторлық картасы, мінездемесі және жұмыс дәптерлері (егер білім беру ұйымында оқитын болса) болуы қажет.