2025 жылдың 20-24 қаңтары аралығында Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Семей қаласы «№46 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі басталды. Лигаға қала, аудандардан 5-6 сынып, 7-8 сынып және 9-11 сынып ұлдар арасында 27 команда, 223 спортшы бақтарын сынады. Жарыс мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені өз жас ерекшелектері бойынша жеңімпаздар Республикалық жарыстарда Абай облысының намысын қорғау құқығына ие болады. Ойын өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Жарыста әділ төрелік еткен төрешілерге алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
@abai_bilim_basqarmasy
@rspc_daryn