Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша Қаниева Ғалия Ақпарқызы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.
Құрметті, Ғалия Ақпарқызы! Сіздің оқушыларыңызға қамқоршы, жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді құттықтаймыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.