Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы
білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
«Өнерлі ұрпақ - салауатты өмірдің жарқын болашағы» атты
онкүндік аясында 28. 04 - 08. 05. 2025 ж атты онкүндік аясында
өткізілген жоспар есебі.
28 сәуір 2024 ж «Өнерлі ұрпақ - салауатты өмірдің жарқын болашағы» атты өнер бірлестігінің онкүндігінің мектепішілік кезеңі өткізілді. Балаларға адамгершілік - рухани тәрбие беру, жалпы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті қалыптастыру мақсатында өткізілген онкүндіктің жоспары нұсқаулықтар негізінде әзірленіп іске асырылды. Жоспар бойынша 28 сәуір күні жалпы мектептік лездемеде онкүндіктің ашылу салтанатты түрде өткізілді. Лездемеде жаппай таңертеңгілік гимнастика өтті. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың - жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық - денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Оқушылар онкүндіктің ашылуынан бастап өз көзқарастарын, белсенділіктерін таныта білді.
Дене шынықтыру пән мұғалімі Рыспаев Е. К 28 сәуір 2025 ж. 8 «А» сыныбында
«Топта ойын - сауық ойындарын құру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: 8. 2. 1. 1. - өзгермелі жағдайға жауап қайтару, қимыл - әрекеттермен.
Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Абишев Т. А 30 сәуір 2025 ж. Сынып: 10 «А»
Тақырыбы: Алғашқы әскери дайындық пәнінің «Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. » тақырыбында өткен ашық сабақ
Сабақ мақсаты: Жарақат алу, қан кету және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсету міндеттері мен түрлерін біледі.
Жарақат алу, қан кету және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсінікті зерделеу. күйіп қалулардың себептері және олардың ауырлық дәрежесі, асентика мен асептик туралы түсінік.
Көркем еңбек пән мұғалімі Каниева Г. А 02 мамыр 2025 ж. 9«Ә» сыныбында
«Сәндік - қолданбалы өнер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты :Әр түрлі конструкциялар мен материалдарды ажыратады. Өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдарды дайындау
Жасалған өнімнің сапасын қолданылған әдіс - тәсілдерін ажыратады, бағалап талдап безендіреді
Сәндік - қолданбалы өнер түрлерін ажырата алады.
Дене шынықтыру пән мұғалімі Толеубаев Е. О 02 мамыр 2025 ж. 10«А» сыныбында
«Әр түрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жинағы (Бір орыннан ұзындыққа секіру)» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Түрлі бұлшық еттерді дамыту,қалпына келтіру жаттығуларды орындату,эстафеталық жүгірудің әдіс - тәсілдерін меңгерту,өмірге қажетті қимыл - қозғалыс қасиетін қалыптастыру. Дене қыздыру және ағзаны қалпына келтіру жаттығулар жиынтығы
Дене шынықтыру пән мұғалімі Байболова А. О 02 мамыр 2025 ж. 4«Ә» сыныбында
«Қозғалмалы ойындар дене шынықтырудың компоненті ретінде» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп - қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану.
Музыка пән мұғалімі Рымбаева Ж. С 05 мамыр 2025 ж. 2«А» сыныбында
Музыкалық аспаптар сыры. Жауынгер жыры тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау. әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау. Ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орыңдау.
Көркем еңбек пән мұғалімі Касимов Д. А 08 мамыр 2025 ж. 6 «А»сыныбында
«Электрлік қол еңбегі құралдары қолданылған тұрмыстағы жөндеу жұмыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты : Табиғи материалдарды анықтап, оларды қолдану аясын білу. Қоршаған орта нысандарының композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік сипаттамаларын түсіну. Әртүрлі техника және материалдармен эксперимент жасау.
Өнер бірлестігінің сыныптан тыс іс - шаралар өткізілген жоспар есебі.
Көркем еңбек пән мұғалімдері Каниева Г. А Касимов Д. А
Көрме «Ою - орнек әлімінде» 30 мамырда оқушылардың сәндік - қолданбалы өнерінен көрме ұйымдастырылды. «Ұлттық құндылықтар» бағдарламасы аясында оқушыларды ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырып, құрметтеу бағытында іс - шаралар өтті. Іс - шараға 5 - 10 сынып оқушылары белсенділік көрсетіп, атсалыса қатысты. Оқушылар қолдарынан келген қолөнер жұмыстарын орындап, көрмеге ұсынды. Көрмедегі шебер жасалған бұйымдарды тамашалай отырып, мектеп оқушыларының білім мен өнерді ұштастырып жүргенін байқауға болады. Ұлттық нақышта бейнеленген суреттер, кигізден, шиден жасалған, сондай - ақ ұлттық элементпен нақышталған кесте, батик, тоқыма бұйымдары көрме төрінен орын алды.
Дене шынықтыру пән мұғалімі Рыспаев Е. К 05 мамыр күні сағат 15:00 - де, «Курчатов қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ойын залында мектеп ұлдар арасында волейбол жарысы өткізілді. 7 мамыр Отан Қорғаушылар күніне орай Волейбол жарысы №4 ЖББОМ 7 - 8 - 9 сынып командасынан құралған 30 жуық жас спортшылар қатысты. Жарыс жеңімпаздары грамотамен марапатталды.
Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Абишев Т. А
Мергендер сайысы 06. 05. 2024ж сағат 15. 00 спорт зал жарысы өткізілді. Сайысқа қатыскан 8 - 9 сыныптар.
Дене шынықтыру пән мұғалімі Толеубаев Е. О
06 мамыр күні сағат 15:00 - де «Курчатов қаласының № 4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ спорт залында 3 сыныптар оқушыларының арасында
Эстафеталык жарыс өткізілді. Әр сыныптан топ құрамы: 10 оқушыдаң құралды. Ойын 7 кезенен тұрды. Әр бөлім 5 - балдық санмен есептелді. Жарыс нәтижесі ұпай санымен анықталды. 20 ойыншы қатысты, қөрермендер саны 15 - бала болды. Жарыс өте қызықты әрі қөңілді өтті. Жарыс жеңімпаздары грамотамен марапатталды.
Дене шынықтыру пән мұғалімі Байболова А. О Тоғызкұмалақ жарысы 05. 05. 2025ж
сағат 15:00 каб 223 өткізілді мектептің 4 сынып оқушылар арасында Қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызкұмалақ» жарысына 18 оқушылар қатысты. Тоғызкұмалақ жарысының максаты :
Ұлттық ойын түрлерін кеңінен тарату. Тоғыз құмалақ ойындары арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Тоғызқұмалақ ойыны жекелей өткізіледі. Жарыс жеңімпаздары грамотамен марапатталды.
Қорытынды:Онкүндік барысында 7 ашық сабақ, іс - шаралар өткізілді. Онкүндік барысында іс - шаралар мен ән байқауы, жарыстар өткізіліп «өте жақсы» деген баға берілді. Жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өз уақытында өтті.
Бірлестік жетекшісі Байболова А. О