Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kurchatov-4shk.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Онкүндік “Жаратылыстану және жасанды интеллект: болашаққа қадам” атты тақырыпқа арналды және оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыруға, ғылыми ойлауын дамытуға және жасанды интеллектің (ЖИ) болашақтағы рөлі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталды.

Жүргізілген іс - шаралар:

Жоспарға сәйкес барлығы 16 іс - шараның 14 - і өткізілді, оның ішінде:

  • Ашылу және жабылу салтанаттары (5 - 11 сыныптарды қамтыды).
  • 6 ашық сабақ (6 - 9 сыныптарда химия, биология, физика, математика пәндерінен).
  • 4 интеллектуалды ойын мен сайыс (5 - 11 сыныптарда математика, информатика, физика, химия пәндерінен).
  • 1 сыныптан тыс жұмыс (“Химия кабинетіне саяхат”).

Ашық сабақтар әдістемелік талаптарға сай өткізілді. 22.01.2025ж. биология пәні мұғалімі Жұмағазиева О. Қ 9 сыныптарда «Интерфаза, оның кезеңдері» тақырыбында, 23.01.2025ж. физика пәні мұғалімі Рашкен Ә. С. «Механикалық жұмыс және энергия», 28. 01. 2025ж. химия пәні мұғалімі Османова М. Т. «Күкірт қышқылы және оның тұздары» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер оқытудың жаңа әдістерін (интерактивті тақта, топтық жұмыс, проблемалық оқыту) қолданып, оқушылардың белсенділігін арттыруға тырысты. Сабақтардың мазмұны оқу бағдарламасына сәйкес келеді және оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді.

8 «ә» сыныбында физика пәні мұғалімі Ежекенова Л. Р. 27. 01. 2025ж. «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына ашық сабақ өткізді, сабақта физика сабағында оқушылардың зерттеу дағдысын дамыту үшін https://phet. colorado. edu/sims/html/ohms - law/latest/ohms - law_all. html?locale=ru симуляторларын қолданылды.

Информатика пәні мұғалімі Телепова Гульзат Кабденгалиевна информатикадан 30. 01. 2025ж. 7 сыныпта «Тармақталу алгоритмдерін программалау» тақырыбына өткізген ашық сабағы мен 5 сыныптарда оқушылардың ақпараттық технологиялармен таныстырып, топтық жұмыс арқылы информатика пәніне қызықтыру, оқу мотивациясын арттыру мақсатындағы InfoDARYN ойын сайысы. Интеллектуалды ойындар мен сайыстар оқушылардың білімдерін тексеруге, логикалық ойлауын дамытуға және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Математика пәні мұғалімі Каиыржанова М. М. «Brain ring» ойын сайысын (математика, информатика) 23. 01. 2025жылы 6 сыныптарда өткізді.

Іс - шаралар қызықты және тартымды өтті, оқушылар белсене қатысты.

Онкүндік барысында жаратылыстану пәндеріне деген оқушылардың қызығушылығы артты. Олар жаңа білімдер алды, өз білімдерін көрсетті және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Онкүндік мұғалімдер үшін де тәжірибе алмасу алаңы болды.

Кемшіліктер:

Онкүндік барысында барлық сыныптар қамтылмады (әсіресе, жоғары сыныптардың қатысуы аз болды). Жасанды интеллект тақырыбы толыққанды ашылмады. Тәжірибелік жұмыстар мен зерттеулерге көбірек көңіл бөлу керек еді.

Ұсыныстар:

Келесі оқу жылында онкүндік жоспарын жасағанда, барлық сыныптардың қатысуын қамтамасыз ету. Жасанды интеллект тақырыбын тереңірек зерттеу және оған арналған іс - шаралар ұйымдастыру. Тәжірибелік жұмыстар мен зерттеулердің санын көбейту. Оқушылардың ғылыми жобаларына қолдау көрсету. Онкүндікке ата - аналарды және қоғамдық ұйымдарды тарту.

Қорытынды:

Жаратылыстану пәндері бірлестігінің онкүндігі мақсатына жетті және жақсы нәтижелер көрсетті. Мұғалімдерге атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіремін. Келесі оқу жылында онкүндікті өткізу барысында жоғарыда аталған ұсыныстарды ескеру қажет.

ӘБ жетекшісі: Каиыржанова М. М.